Уразимбетов Алибек Бахтыбайұлы  2004-2008 жыл аралығында Орталық Азия  университетінде ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.  2014-2016 жыл Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін информатика пәні мамандағы бойынша бітірдім.01.09.2009 жылдан   «А.Жексенбеков  атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрдым. 2010 жылдан 2016 жылға дейін Төле би атындағы орта мектепте информатика және ағылшын тілі пәнінен сабақ бердім. 2016 жылдан Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде информатика және ағылшын тілі пәндерінен сабақ беріп келемін.

Жалпы еңбек өтілім 11 жыл,

    Өзекті мәселем «Жаңа технологияларды қолдана отырып,заман талабына сай тұлға қалыптастыру». Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен, өзін – өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені, қазіргі жас буын еліміздің келбеті.

Менің жетістіктерім:

1.2015 ж  ІІ біліктілік санатына өттім.

2.2018 ж. Диплом. Алматы облыстық «Алтын диск байқауы-2018»  “Ізденімпаз мұғалім” номинациясымен марапатталдым .

3. 2019 жылы Облыстық  «Математика, физика, информатика пән мұғалімдерінің І-облыстық шығармашылық байқауында командалық ІІІ-орын иелендім 

3. 2021 ж Аудандық Құрмет грамотасы. Білім мен тәрбие беруде педагогикалық  шығармашылық жетістіктерге жетіп, жас ұрпақты еліміздің саналы азаматы етіп тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін.

Білім жетілдіру курстары:

1. 2017 ж 7 шілде сертификат Назарбаев зияткерлік мектебі Талдықорған қ.филиалы. Математика, физика, информатика, биология пәндерін 3- тілде оқыту курсы  Professinal Development Program for Secondary School Teachers – Lewel A2

1. 2018 ж 19 шілде сертификат Назарбаев зияткерлік мектебі Талдықорған қ.филиалы. Математика, физика, информатика, биология пәндерін 3- тілде оқыту курсы  420 сағат

 

3. Cambridge English Placement Test. CEFR Level-C1 or above