Білгейсің…
Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…

Білгейсің…
Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді…

Білгейсің…
Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын…

Білгейсің…
Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас,
Шын ғашықтардың да…

Білгейсің…
Тәжірибелілік сенің туған күніңді қанша рет тойлағаныңмен өлшенбейді, өмірде көргендеріңнің алуандылығымен өлшенеді.

Білгейсің…
Жанұяң ылғи да сенің қасыңда болмайды. Бөтен саналатын жандардың ішінде де саған көңіл бөлетін, махаббат сыйлап, сенім артатындар болады. Демек жанұя тек биологиялық емес.

Білгейсің…
Қанша жақын болса да достарың сені ренжітуі мүмкін. Оларды кешіре біл.

Білгейсің…
Кейде өзгелерді кешіру жетпейді, өз-өзіңді де кешіре білуің керек.

Білгейсің…
Жүрегің қанша ауырса да дүние сен үшін айналуын тоқтатпайды.

Білгейсің…
Өмір жолымыз кім болғандығымызға әсер етеді, бірақ кім екендігімізге өзіміз жауаптымыз.

Білгейсің…
Әр қиындыққа бір мұрсат артылған. Сол мұрсатты көре біл!

Білгейсің…
Махаббатты тез жоғалтасың, ал өкініштен құтылу – өте қиын. Барды бағалай біл!

- Махаббат бар ма? – дейсің. 
- Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.
Өмір жоқ махаббатсыз деп білемін,
Оған да талай есем де кетті менің.
Махаббат – сезімдердің серкесі ғой
Әркімнің елжіреткен ет–жүрегін.

Жарқыным, махаббатты жоқ дегенің,
Жастықтың тозағынан өтпегенің.
Сұлтаны сезімдердің – махаббатты
Тұрады теңегім кеп өртке менің.

Екі оттың бірде қалып ортасында,
Азабын кейде аямай тартасың да.
Дүние боп дүниенің тұрғандығы –
Махаббат пен мейірім арқасында

Жұлдызды түн. Уақыт мәмілелі…
Кәрі төбет ерініп паң үреді.
Қарақат қыз қарайды мамасына,
Сылтауратсам екен деп тағы нені.

Маған пана сол үйдің бәйтерегі,
Күндегідей төбемнен ай төнеді.
Қолжуғыштың шелегі толмаса да,
Төкпек болып шығады, қайтеді енді?!

Кім екенін білмесін, білсін мейлі…
Әдеті ғой, ақырын «кімсің?» дейді.
Біле тұрып не үшін келгенімді,
«Қай жақтан мұнда адасып жүрсің?» дейді.

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе -
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Құмартып хор қызындай қылығыңа,
Батсам ғой балдай тәтті тұнығыңа.
Аһ ұрып, бұ дүниеден безер болсам,
Асылып өлер едім бұрымыңа…

Қос көзің ─ қолтаңбасы шапағаттың,
Қос ерінің ─ қызыл мөрі махаббаттың.
Айсыз түнде… алдымда еркелетіп,
Келеді кең дүниені аралатқым!

Қылықтың берген Құдай саған бәрін,
Сұлуды сен сияқты таба алмадым!
Келе ғой, құшағыма кіріп кетші,
Күнәдан өзім сақтап қалам, жаным…

Сұлудың сенен басқа керегі жоқ,
Себебі, себебі оның… себебі көп!
Өлмейсің, мәңгі тірі жүресің сен,
Ұлы ақынның ұмытылмас өлеңі боп!

…Көрмесем тұра алмаймын көзіңді мен,
Өзің жайлы ─ өлеңім, сөзім кілең!
Қиыннан қиыстырған қиялымсың,
Сені Құдай десем де, өзім білем…

Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден бойдақтар жоғалады.
Алдында тұрған шақта асу белең
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.

 

Өседі адам қияға қарап тұрып,
Қалықтайды қиялын қанат қылып.
Жалғыз өткен күндерден жалығады ол
Сенімінің жеңісін санап тұрып.

 

Алдында тұрған шақта асу белең,
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
Көрші, әні, айрылған сырласынан
Бір мұңлы күй төгілтіп тұлғасынан
Төсінде шөл даланың жалғыз ағаш
Тұрады қолын бұлғап қыр басынан.

 

Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес.
Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз
Менің жалғыз болуым мүмкін емес!

 

Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден жалғыздық жоғалады
Жоғалсын, мәңгі көргің келмес оны
Білемін, аңсайсың-ау сен де соны

 

Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
“Екі” деген егіз сан аман болса
Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе, бұл ғаламда,
Махаббат болмаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі,
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек, 
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.

Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,
Жыр кені – ұлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанына қорықпайды.

Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.

“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

 

Қағылуы махаббат қанатының,
Жаныңызға жабырқап баратыным.
Байқалмай ма сізге осы,
Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.

 

Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп
Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?
Өртенемін жаныма жалын кіріп,
Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..

 

Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,
Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.
Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,
Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…

Жанымды тыншытпайды сезім деген
Қалай жүр, япырау, төзіп денем?
Қаншама күндер өтті дамылдамай
Қаншама түндер өтті көз ілмеген.

 

Білмеймін, не іздейді сезім менен?
Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы.
Белгісіз қайда апарып соқтырады
Не сезім мені бір күн от қылады
Не сезім мені бір күн жоқ қылады.

 

Адамның сезімінен сезіктенбе
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады
Шынайы шын сезімге кезіккенде.

Айтшы жігіт, қызды неге жылаттың,
Жазығы ма, ұнатқаны құлап тым.
Өкіндіріп, түңілдіріп өмірден,
Айтшы жігіт, қызды неге жылаттың.

Бар емес пе қарындасың өзіңнің,
Жанары ғой ол да сенің көзіңнің.
Сол ару қыз кете барды алыстап,
Құрбаны боп ғашық деген сезімнің.

Осы сәтте құласа да тірегі,
Жылап тұрып саған бақыт тіледі.
Қуаныш пен қайғыға да шыдайтын,
Неткен мықты қыз шіркіннің жүрегі…

Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.

Неге өртенді?
Жүрегім неге өртенді?
Нелер келіп, басыма нелер төнді?
Балконыңнан қол бұлғап қарсы алушы ең
Неге менен жасырдың көлеңкеңді?

Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
…Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей…
Қысты күн… Жем іздеген…

Ерінімде дәмің қалды,
Көңілімде дағың қалды өшпейтін.
Өзегімде күмән қалды,
Өз-өзімде кінәм қалды кешпейтін.

Құшағымда елес қалды,
Құса мұңда белес қалды біз барған.
Күлкі, қызық ғайып болды,
Кілт үзіліп, майып болды ізгі арман.

Тұман қамап жарық таңды,
Қыран қанат шабыт қалды сілкінбей,
Қабағымда жасын қалды,
Жанарыңда жасым қалды сүртілмей,

Сабасында сәнді үміттің
Арасында сан жігіттің, сан қыздың
Сен есімнен жұтылғанша,
Елесіңнен құтылғанша
Жалғызбын.

Тілек қалды орындалмай,
Жүрек қалды тоқ ұрғандай сілейіп.
Жөн болды ма, соның айнам,
Сор болды ма, оны қайдан білейік?..

 

Авторы: Мұрат Есжан

О, махаббат, оттай сезім жалынды,
Күйдірсең де, қарайтсаң да қанымды,
Мұңайтсаң да, жылытсаң да әнімді,
Бір сен үшін аямаймын барымды.

О, махаббат, сиқырың көп жағымды,
Бір сен үшін құрбан етем жанымды.
Мағанда кеп шырайыңды танытсаң,
Бақытпенен атырар ем таңымды.

О, махаббат, жансыздарға жан берген,
Таңсыздарға шұғылалы таң берген.
Айтшы қашан жақын болып өзіңе,
Тұла бойда сиқырыңды сезінем?

О, махаббат, қол жетпес бір сағымдай,
Сарқыраған, гүрілдеген ағымдай,
Қол жетпеген Оқжетпестей биіксің,
Неге жүрсің дәл төбеңе шықтырмай.

Еске түсіріп махаббаттың көктемін
Қинайтыны сол бақытты өткен күн
Байқамаппын таза ыстық сезімнің
Арамыздан тез суынып кеткенін..

Сағынарсың бірге өткен күндерді,
Еркелеген ыстық әсем түндерді,
Қуаныштан төбем көкке жетуші ед
Иіскегенде мен сыйлаған гүлдерді..

Тағдыр деген бұл сыйлығы өмірдің
Ал махаббат тұнығы ғой көңілдің
Қызғалдақтай ерте солған ғашықтық
Ұшқан күлі, жанып біткен көмірдің.

Айырылмастай қол ұстасып едік біз
Енді міне жүрегімде жаралы із
Өмірімнің өкінішті сәті боп,
Есте қалды суық мына қоңыр күз,

Болады екен мына күндер өтпестей
Жүректегі жара мәңгі кетпестей
Өзің едің менің асыл арманым
Алыстадың енді қолым жетпестей,

Жүректегі алып сезім ғашықтық
Мөлдірейді бейне сол бір таңғы шық
Сағынғанда құшақтарсың қолға алып
Туған күнде мен сыйлаған ойыншық.!

Сен көңілдің балдай татті мұңысың
Сен жүректің шырқап айтар жырысың
Сен өзіңе ғашық еткен адамды
Әп-әдемі ақ раушандай Гүлімсің!

Әдемілік әбден сіңген бойыңда
Жан қиюға дайынмын мен жолыңда
Ертегіге айналған сол үміттің
Ендігісі тек өзіңнің қолыңда!

Мен сени оилап журсем АЛТЫНЫМ……

Деп журмин махаббатты бузбаганым
Билдиртпей журектин сыздаганын
Сен озгенин кушагында кулимдеисин
Ал мен сени озгеден кызганамын

Сени суйген журекти жылатпадым
Умытсын деп жайгана жырактадым
Сен улгердин суйипте басканы шын
Ал мен жаным озгени де унатпадым!

Есиме алам тирликтен тыскарыда
Шын кызыга еркелеген тустарына
Сен озегенин кушагында еркелеисин
Ал мен озгенин кушагыма кыспадымда!!!!

Кыйнадын алыстап узадында
Кулимдеисин озге жан тузагында
Озге ге жабык деумен журегимди
Сен болсан деп ойладым кушагымда!!!

Окиништи сени тек оилаитыным
Окиништи суйген жаным болмайтынын
Мен аймын мангиликке сени ансар
Сенде жаным АЙДЫ издеген болгай КУНИМ!!!

Шын махаббаттың отын жағып
Бір жылынып көріппең?
Сезіміне шөлің қанып
Мәңгілік серт беріппең?
Суйгеніңе әдейі арнап
Жауқазын гүлін теріппең?
Қос аққудай айдындағы
Сүйгеніне сеніппең?
Сүйгеніңмен көзді жұмып
Пәк сезімге еріппең?
Таң алдында Таңшолпанды
Қарсы алуға келіппең?
Қыс, көктем, жаз, күз өтер
Күнің бар ма зеріккен?
Бұл махаббат тек бақыттан
Тұрмайды екен неліктен?
Айлы түнде жалғыз қалып
Жалғыздың мұңын кешіппең?
Fашыктарга бақыт тілеп
Сезімнің күйін шертіппең?
Жүрек сырын ұға алдың ба
Шын ғашықтық көзінен?
Әлде, самал секілді ма
Жай ғана сыйпап сезілген?
Дәл осындай сұрактарды
Бір адам бар ма меңгерген?
Сұрағыма жауап берші
Хат күтемін озіңнен?!

Көзімнен сырғып лағыл жас, 
Көкірегім сыздар күрсінсең. 
Қарақат көзді қарындас, 
Жайыңды айтшы, кімсің Сен? 

Алдыңа салып уақытты, 
Алданып жүрген жанбысың. 
Азғантай ғана бақытты, 
Малданып жүрген жанбысың. 

Жалғанға нәзік үміттей, 
Жалғанып жүрген жанбысың. 
Береке-құты бірікпей, 
Жан бағып жүрген жанбысың. 

Тиянақ, тағат таба алмай, 
Толғанып жүрген жанбысың. 
Қияға қанат қаға алмай, 
Қомданып жүрген жанбысың. 

Көзімнен сырғып лағыл жас, 
Көкірегім сыздар күрсінсең. 
Қарақат көзді қарындас, 
Хабарыңды айтшы кімсің Сен? 

Авторы: И.Сапарбай

Әйел алмақ болсаң егер қарарсың,
Жіті бағып, таңдаулысын аларсың.
Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,
Пәк, ұятты болсын жанның тұнығы.
Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.
Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,
Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.
Көркін емес ізгі құлқын аларсың,
Жақсы болса ерірсің де жанарсың.
Көркін қуып алма құлқы кемісті,
Құлқы жақсы болса кемел келісті.
Сұлу құмар, сұлуды аңсап сор қума,
Қызық жүзді сарғайтпа һәм қор қылма.
Жібек мінез - қыз-келіншек шырыны,
Біле білсең, әйел көркі - қылығы!
Ақылды, пәк болса, асылға баларсың,
Үш сипаттың бәрін содан табарсың.

Жүсіп Баласағұн

Күлкісінен өзінің, күлкісінен! 
Күн күміс үн шашқандай бұлт ішінен. 
Көшіп кеткен көктемім көз ұшынан 
Қайта оралып келгендей жыл құсымен. 

Жүрісінен өзінің майда-мәйін, 
Аққу көлде жүзгендей айнадайын. 
Нәзік, назды назымның нақышындай 
Әуезіңнен, үніңнен айналайын! 

Аш белінен өзінің үзілмелі, 
Жүрегіме жүк болды-ау жүзің меңі... 
Көлегейлер көзіңді, кірпігіңнің 
ұзын легі – 
сүрмелі, 
сүзілмелі. 

Мінезінен өзінің жібектейін! 
Тіл ұшында еріген тілек дейін. 
Қағып-қағып қалғанда қара қасын 
Түн түріліп, 
шегінер түнек кейін. 

Өндір өңін, 
қия алмай желге іреңін 
неге сонша тесілем, телміремін? 
Жеңе алмақшы емеспеін өзімді-өзім, 
Не болмақшы жағдайым енді менің?.. 


Авторы: И.Сапарбай

"Әйел деген ән салғанда - әдемі,
Әлденеге тамсанғанда - әдемі.
Қимай ғана қоштасқанда - әдемі,
Қуанышпен қарсы алғанда - әдемі.

Тана көзі жалт еткенде - әдемі,
Ақ білегі жарқ еткенде - әдемі.
Көрген жанды өнегелі, ибалы
Қылығымен тәнті еткенде - әдемі.

Әйел деген мәз болғанда - әдемі,
Көктем келіп, жаз болғанда - әдемі.
Алма бетін аяз сорса - әдемі,
Кірпігіне қар қонғанда - әдемі.

Әйел деген гүл атқанда - әдемі,
Ұнағанда, ұнатқанда - әдемі.
Мөлдіреген жанарынан кей кезде
Жалғыз тамшы құлатқанда - әдемі.

Жүгіргенде не жүзгенде - әдемі,
Нәрестесін емізгенде - әдемі.
Қонағына дастарханын мол жайып
Дәмді асынан жегізгенде - әдемі.

Өзін біреу мақтағанда - әдемі,
Арын адал сақтағанда - әдемі.
Іштей ғана ғашық болып біреуге
Сыр ашуға батпағанда - әдемі.

 

Түнде кейде күндізден де - әдемі,
Сүйгеніне сүйгізгенде - әдемі.
Бәрінен де ақ маңдайын сәждеге
Таң бозынан тигізгенде - әдемі"

 

 

Білектей арқасында өрген бұрым, 
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.


Авторы: Абай

Көрген кезде жүрек соғар қаттырақ,
Нұрлы жүзің үміт отын жақты нақ.
Сан тарапқа шашыраған ойларым,
Себепсізден сен есіме сап тұрад.

Өзің барда өткізбеймін күнді мұң,
Ап-алыстан көрінгендей түндігің.
Саған деген пәк махаббат таусылмас,
(Бітпейтұғын сериалындай үндінің).

Ажарыңда бар сұлулық тұр жайнап,
Жіберетін жүректегі мұңды айдап.
Саған деген сезімімді түсінсең,
Жеткізер ем барлығын да ыңғайлап.

Келбетіңнен кереметті рас, ұқтым,
Боп тұрамын қауышуға асық тым.
Аспандағы қол жетпестей асылым,
Мен тек қана бір өзіңе ғашықпын.

 

Авторы: Алихан Файзханов

Comments: 12
  • #12

    айман (Tuesday, 13 December 2016 19:43)

    өте өте күшті" сіздей жан жақты адамды көрмеппін

  • #11

    Замзагүл (Friday, 01 April 2016 12:36)

    КЕРЕМЕТ!!!

  • #10

    Малика (Tuesday, 09 June 2015 11:44)

    тамаша

  • #9

    Гулназым (Thursday, 20 November 2014 11:41)

    Барлыгы оте асерли, керемет екен!!!

  • #8

    Жансулу (Tuesday, 04 November 2014 15:41)

    Коп-коп рахмет сізге! Керемет асер алып отырмын. Унады.

  • #7

    Ерлан (Wednesday, 29 October 2014 06:53)

    Ғажап өлеңдер, рахмет! Бір демалып қалдым!

  • #6

    алиса (Saturday, 23 August 2014 15:30)

    романтик екенсин

  • #5

    ЖАДЫРА (Monday, 11 August 2014 20:05)

    КЕРЕМЕТ!!!

  • #4

    Алия (Friday, 25 April 2014 17:34)

    өте әсерлі

  • #3

    Айткул (Sunday, 22 December 2013 20:36)

    адамды ойга салатын олендер екен

  • #2

    ляззат (Monday, 30 September 2013 20:03)

    не деген керемет олендер

  • #1

    акмарал (Friday, 20 September 2013 08:07)

    керемет