Абылай хан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есимова Жансая Самуратқызы
Абылай хан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есимова Жансая Самуратқызы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы

Мақсаты:

v  Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы

ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

v  Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

v  Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының  гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік   таңы атты, тәуелсіздік  күніне  арналған  ашық  тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.

Мұғалім сөзі

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды.  Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

1-оқушы Ернар

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы Жансұлу.

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

3-оқушы.  Әскербек

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.

4-оқушы. Мағжан

Намыс үшін күрессең  мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан  алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге  Фурманов  көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир  көшесінің  қиылысында  Совецкийді  соққыға жықтың. Соның  нәтижесінде  ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза  басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай  жаным бар.

Алам десең  алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген  атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).

-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,

__________________________________________________________

5-оқушы Артықбай Асель

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің  оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын  кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше  бір рет көр демекші  назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.

6-оқушы  Елнара

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.

7-оқушы Базарқұлова Асем

Алаңға шығып, ойын  айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге  тігіп  бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті  бастадым,

8-оқушы

Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа  түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

 

Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік)

Хор  Атамекен.

11-оқушы Үміт

Астана біздің  сәніміз,

Білім біздің  нәріміз

Азат елдің  тірегі

Болайықшы  бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

 

Тәуелсіздіктің шыңы

1.      1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.      1992ж. Қазақстан Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше болып кірді.

3.      1993ж. 15-қарашада –Ұлттық  Валюта  теңгенің  енгізілуі.

4.      1995ж. 30-тамызда  Жаңа  конституция  қабылданды.

5.      1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан  халқына  Жолдауынығ  жарыққа шығуы.

6.      1998ж. Халықтар тұтастығы  мен  ұлттық  тарих жылы.

7.      1999ж.  Ұлттық тұрғындар  санағы.

8.      2000ж. Мәдениет  жылы.

9.      2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент  мәжілісінің  кезекті саййлауы.

12.2005ж.  4-желтоқсанда  Бүкіл халықтық Қазақстан  Республикасының  Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің  ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен  Ынтымақтастық  Ұйымына  төрағалық  етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16.  2009ж.  25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17.  2011ж. Қаңтар –ақпан айларында  ҚР.  Халықаралық Азияда  ойындары өтті.

18.  2012ж. 1-желтоқсан  алғаш Президент күні болып  жарияланды.

Хормен  Қазақстан Туымен тұғырлы,

                  Елтаңбасы мен Еңселі.

 

12-оқушы Мейіржан

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы  Ернар

Желдей  еркін, түздей кең  қандай азат,

Мен  қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін  халықтар  халықтығын

Жетер сан жыл шеккені  азап.

14-оқушы Темірлан

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп  елінің.

15-оқушы  Тамила

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап  айтар әні бар.

Әні бар, теңіз  дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы Елнара

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге  нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

17-оқушы Мағжан

Қуанбас ем күлмес ем,

Отан снеі сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен.

18-оқушы Асель Базаркулова

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің  талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.

19-оқушы Қайрат

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой  жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік  кезді  жек көрдік.

20-оқушы  Мерей

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен  жүрмін  туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық  бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

21-оқушы Бекет

Елім барда, мен де  бармын өмірде,

Жұлдызың боп  жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

22-оқушы Үміт

Елім бар да мен бақытты  ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Мұғалім сөзі

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Әділдікті  қолдаймыз     Гюзель

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды  ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

 

Ашылмаған  шындықтың,  Артықбай Асель

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі  сұмдықтың

Біліп обал  сауабын.

 

Қайратты жан екенсіз       Сабина

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей  ермен  ардақты.

Көрініс       Күй   «Детство»

«Мейіржанның  хаты»

-Мейіржан сен  не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев атама  хат жазып отырмын.

-М-м-м.

Құрметті Нұрсұлтан ата!

Сізді  бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге  сіңірген  еңбегіңізді

 ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай  үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің  ерлік істеріңізді  жақсы білеміз. Сіздің  өміріңіз қашанда  бізге үлгі. Өскен соң біз де  сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз,  дүние  жүзіндегі абыройыңыз біз үшін  мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала

болашағымыз»  деп өзіңіз  айтқандай,  жыл сайын бізге  жақсылық  жасап ортамызда  жүре беріңіз. Сіз ортамызда  жүрсеңіз, біз де сондай  бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 22жылы құтты  болсын»!

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде  «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды  болсын, деп тілейік.

Хор Егемен Қазақстан 3 а сынып оқушылары

Желтоқсанға қатысқан  «Желтоқсан қаһармандарына» сөз кезегі  беріледі.

Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

                               Егемен-Қазақстан.

 Көз жетпес далам, ел жетпес елім

Арнайды әнін жауынгер ұлың

Жау шапса саған, жас жаным құрбан

Отаным менің, О, елім менің.

 

Қайырмасы 2 рет:

Қазақтың елі, қазақтың жері

Береке қонған ұлы Отан.

Асқар тауларың, өзен көлдерің

Жаныма қымбат Ұлы Отан.

 

Сұңқары биік самғаған елім,

Қанатын көкке қомдаған елім

Кел достар, қане, шырқайық бірге

Бостандық әнін,

 

Қайырмасы. 

 

 

 

Абылай хан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

Есимова Жансая Самуратовна

А ш ы қ   с а б а қ

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы:  Ү й ш і к

(орыс ертегісі)

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ертегі туралы айту түсіндіру.

                           Орыс ертегісі «Үйшік» ертегісі туралы айту, түсіндіру.

Білімділік: Ертегіні оқып, таныстыру.Ертегі кейіпкерлері аңдарымен          

                   таныстыру. Басқа ұлт ауыз әдебиеті туралы айту түсіндіру.

Дамытушылық: Мәтінді оқи отыры, балалардың тілдерін, ойлау

                    қабілеттерін, сөздік қорларын, ой пікірін айта алуға

                    дағдыландыру, білімдерін, біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды бірлікке, татулыққа, ынтымақты болуға «Бірлік

                  болмай, тірлік болмас»деген халықтың мақалын түсінуге

                   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақ типі: Саяхат сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Орман бейнесі, интерактивті тақта,ертегі

                                          кейіпкерлерінің суреттері. DVD теледидар

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, баяндау, түсіндіру,

                                              әңгімелеу, рольмен оқыту, айтқызу.

                                          Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушыларды түгендеу,

-Оқушылармен психологиялық жаттығу жасау, (аңдар биін билету).

Сабақ мақсатын қою кезеңі

-Балалар, бүгін біз сендермен ана тілі сабағында саяхатқа шығамыз.

-Орманға барамыз,ормандағы аңдармен танысамыз.

-Бұл саяхат тегін саяхат емес, осы саяхат арқылы біз өз білімімізді көрсетуіміз керек.

-Саяхатқа кім баратынын шешіп алайық!

-Мен сендерге сұрақтар қоямын сендер дұрыс айтсаңдар бәріміз барамыз.

              Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

-Ауыз әдебиетінің негізгі түрлері қандай?

1.                  Тұрмыс-салт жырлары; батырлар жыры (бесік жыры,сыңсу).

2.                  Мақал-мәтелдер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар,

3.                  Айтыс өлеңдері, шешендік сөздер.

4.                  Баяғы да бір түлкі мен қоян болыпты,-бұл не еді

«Ерте, ерте, ертеде»-деп  басталатын халық  шығармасы  қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар, ертегі

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі   

Ертегілер-халық ауыз әдебиетінен мол  орын алатын күрделі шығармалардың бір түрі.

Ертегілер көбінесе  қара  сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы  ауызша шығарылып, айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.

           Халық әдебиетінен басқа  түрлері сияқты, ертегілер де адам баласының  еңбек кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған.Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады.

 

Ертегілер

Қиял-ғажайып ертегілер    хайуанаттар жайлы ертегілер   тұрмыс-салт ертегілер

-Ал,балалар,енді біз сендермен орманға саяхатқа шығайық!

-Мен сендерге орыс ертегісін оқып беремін, сендер кітапқа мұқият қараңдар!

-Кітаппен жұмыс 175-176-177бет бойынша,

Мен дауыстап оқимын,арасында шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушылар өз сөздерін айтады.

 -Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды тышқан.

 -Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды бақа.

-Мен тықырлауық тышқанмын!Ал сен кімсің?

Мен бақылдауық бақамын. Бақ,бақ.

1.                  -Кел, бірге тұрайық.

-Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды қоян.

-Мен тықырлауық тышқанмын!

1.                  -Мен бақылдауық бақамын. Бақ,бақ.Ал сен кімсің?

-Мен қорқақ қоянмын!

-Кел, бірге тұрайық.

-Балалар, суретке қарап, не болғанын сендер айтыңдаршы?

-Достар, мен де сендермен тұрайыншы?

Содан кейін, балалар, үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап  не... жетеді?(қасқыр)

Сүйкімді бұл үйшікте кім бар?-деп ақырады.

-Арықарай ертегіні түсіндіріп, оқимын.

Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі

-Аю  үйшікті бұзды енді біз ормандағы аңдарға жаңа үйшік салуға көмектесейік.

-Ол үшін осы ертегіні рөлге бөліп оқиық!

-Алты оқушыға рөл бөліп беремін. Оқушылардың сауатты оқуларын қадағалаймын.

Сабақтың түйіні

-Дәптермен жұмыс. Күн ретін,Тақырыпты, және Мақал-мәтелдерді жазамыз.

-Мақал-мәтелдерді дауыстап оқимыз.

-Мақалдардың мағынасын түсіндіремін.

Бағалау, үйге тапсырма беру кезеңі

-Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға талдап баға қоямын!

 

-Үйге тапсырма 175,176,177,178 беттерді түсініп оқу.

Абылай хан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

 

Есимова Жансая Самуратовна

Ашық сабақ .Тақырыбы: 8 саны және цифры

Сабақтың мақсаты:

ü  8 санымен және  оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру,

8 цифрын жазып үйрету

ü  Теңдіктерді шешу арқылы  логикалық ойлау қабілеттерін,  ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру

ü  ұқыптылыққа баулу,

Сабақтың  түрі: Дәстүрлі   сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: репродуктивті түсіндіру, көрнекілік, ойын, жаттығу

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты  суреттер, аю, қоян, түлкі.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық көңіл-күй туғызу

Бір, екі, үш,

Дем аламыз жинап күш,

«5»-тік баға аламыз

Қуанып үйге қайтамыз.

ІІ. Өткен сабақтағы алған білімдерін

Ауызша  теңдіктер шығару. 

1+6  6+1   0+4  5+0

ІІІ.Сабақ мақсатын қоямын.

-Балалар, бүгін біз, ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

-Бірақ қар жауып тұр.   Аю қысқы азығын жинап үлгере алмапты, көмектесеміз бе?

-Олай болса,  кітапты ашып, 71-беттегі  суретке  қарайық.

IV.Жаңа материалды меңгерту

Жаттығу  жұмыстарын орындау барысында  жаңа білім қалыптастырамын.

Жаттығу барысында санға 1-ді қоссақ  сан сәулесіндегі келесі сан шығады деген тұжырым жасайды.

Оқулықпен жұмыс

Сандар сәулесіндегі 8 санының орнын анықтайды. См .мен жұмыс істеуді үйретемін.

   0        1        2        3        4         5       6     7       8

 
 

 

 


Жұмыс дәптерімен жұмыс

№1 дәптермен жұмыс.

8 цифрының жазылуымен танысып, баспа түрі мен жазба түрімен таныстыру, 8 цифрын көркем жазады.

№1.Сурет бойынша теңдіктер құрастырады. Аюға бал жинау арқылы.

1+7=8        ережеге сүйену

7+1=8  қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді

8-1=7 қосындының мәнінен қосылғышты азайтсақ, келесі қосылғыш шығады.

8-7=1

2+6=8            8-2=6       3+5=8      8-3=5         4+4=8

6+2=8            8-6=2       5+3=8      8-5=3         8-4=4

 

Өзіндік жұмыс  Аюға  балық жинауға көмектесеміз.

2.Сурет бойынша теңдіктер құрастырады

№2.Теңдіктер құрастыру 0+3=3    3+5=8  8-5=3    8-3=5

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

3.Сандардың көршілерін жазады. Қоян қонаққа келеді.

-Қоянға сәбіз жинауға көмектесеміз.

-Әр бала өз көршісін атап айтады.Дәптерге жазады.

№3.

  5                    6                      7                        2          

Сергіту сәті

Иіліп оңға бір

Иіліп солға бір

Жаттығу жасайық,

Сәл демалап алайық

Оқулықпен жұмыс

4.Фигураларды атап, кесінділерді өлшейді,  сызады.

7см>8см

Дәптермен жұмыс

№5. Тапсырма өзіндік жұмыс . Түлкі қонаққа келеді,  салыстырады.

7+1   5см+2см             8-4   7см -3см

3+0   7см-3см             3-0    4см-4см

2+4   4см+4см             8-8   7см-1см

V.Сабақты бекіту                                   сандар       әріптер

1  3  5  7

 

к  с   н  м

 

6. тапсырма.    Бір сөзбен ата          

 

VI.Сабақты қорыту

-біз нені үйрендік?

-8 саны мен цифрын таныдық

-есептер шығардық т.с.с

VIІ.Үйге тапсырма беру

Үй  дәптеріндегі жазу үлгісі                                                                                  Мадақтау

Комментарии: 0