Қадыр Мырза Әли
Қадыр Мырза Әли

Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!

Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.

Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!

Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.

Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі.

Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен!

Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.

Әңгіменің төркіні - әңгіме

Ағашты тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар еді?!

Кейде жоқтықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер болады.

Махаббат ол-ең алдымен өмір. Ал өмір біз ойлағаннан гөрі күрделі, әлдеқайда күрделі құбылыс.

Кез-келген қарым-қатынастан, тіпті төсектік қарыс-қатынастың өзінен махаббат іздеу дұрыс бола бермейді. Ал нағыз махаббат дегеніміз-өткінші жаңбыр емес. Ұлы сезім.

Үйкүшіктік жалпы адамға тән қасиет емес.

Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің.

Көп көрмеген көп біліп жарытпайды.

Кейбіреулер үшін үйден шықпау-түрмеден шықпаумен бірдей.

Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі - өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын.

Адам - құдайдың шығармасы

Антон Чехов
Антон Чехов
  • Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.
  • Халыққа жаны ашымаған адам өлікпен тең.
  • Кез келген көркем туынды белгілі бір ойды жеткізу мақсатында жасалуы тиіс. 
  • Адал еңбек етпей, қуаныш пен шаттықтың тәтті дәмін сезіну қиын.
  • Өнері жоқ адамды дарынсыз деуге болмайды. Бойындағы өнерін мақтан үшін пайдаланатын адамды дарынсыз деу керек.
  • Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.
  • Отбасылық өмірдің басты біріктірушісі - махаббат.
  • Адам баласы барлық жағынан әдемі болуға талпынуы керек. Келбеті де, киімі де, жаны да, ойы да таза әрі әдемі адам кез келгенді еліктіртіп тұрады.
  • Арақ ақ болғанымен, арға дақ түсіреді.
  • Тәрбие көрген адам бөтенді сыйлап, құрмет тұтып тұрар. Бұндай азаматтар жұмсақ әрі сыпай болар.
  • Жанашыр адамдарың бар болса, қиын сырқаттың өзін ауырсынбауға болады.
  • Ұжданы бар адам иттен де ұялады.
  • Жеке тәжірибеден артық мектеп жоқ. Көзбен көріп, қолмен ұстап көргенге не жетсін?!
  • Жеке бастың қамы үшін жұмыстанғаннан гөрі, ұрпағың үшін еңбек еткейсің.
  • Өмірден үлес алғың келсе, бөтеннің пікірі мен сөзіне тәуелді болуды қой. Көзсіз сенімнен гөрі, өзің ізденіп, жұмбақтардың жауабын өзің табуға тырыс.
  • Зұлымдық ұсақтықтан туады.
  • Біреуді сүйіп, өзің біреуге сүйкімді болғаннан артық қандай бақыт бар?
  • Өтірік айтуға үйір болу - нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді.
Альберт Эйнштейн
Альберт Эйнштейн
  •  Өмірінде ешқашан қателік жібермеген адам ешқашан жаңа нәрсе жасап көруге тырыспаған деген сөз.
  • Өзің сіңірген білім - мектепте үйреткендерді ұмытқаннан кейін есіңде қалатын жалғыз азық.
  • Мен өз қиялымда суретші секілді тәуелсізбін. Қиял білімнен де маңыздырақ. Білімнің шегі бар. Ал қиял күллі әлемді сидырып әкете алады.
  • Өмір сүрудің екі тәсілі бар: саған таңғажайыптар болмайды деген сеніммен өмір сүруге болады және мына әлемдегінің бәрі таңғажайып деген сеніммен өмір сүре аласың.
  • Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.
Лао-Цзы
Лао-Цзы
  • Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
  • Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
  • Сабырлылық - жақсылықтың қайнар көзі.
  • Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды.
  • Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.
  • Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.
  • Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар - әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау
  • Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну - рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.
  • Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
  • Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
  • Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз.
  • Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.
  • Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.
  • Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.
  • Жауын жеңген - батыр. Өзін жеңген - ер.
  • Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетед
  • Махаббат -кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш 
  • Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей 
  • Махаббат неғұрлым азапты болса, соғұрлым лязатты болады. 
  • Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсеңіз - жабысып алады, алысиасаңыз - көрмей кетеді.
  • Сені түсінсе - бұл бақыт, сені сүйсе - бұл үлкен бақыт, ал сен өзің сүйсең - бұл нағыз бақыт.
  • Адам бақытты болуға тиісті,егер бағы жанбаса сол адамның тек өзі ғана кінәлі.
  • Қатын алсаң қайыс белді торыдан ал 
  • ол болмаса аққұбаның зорынан ал 
  • ол екеуі болмаса қажымайтын қарадан ал 
  • Осы үшеуі болмаса, өзі сары көзі көк, былжыраған сөзі көп, дәл осыған тап боларсың
  • Бұрынғылар есі кеткенше сүйетін, қазіргілер тек неврозбен шектеледі.
  • Бұрын жазған махаббат хаттарымды оқып ұялатыным бар, соның бәрін кімге жазғам?
  • Ерлер әйелді түсінуге тырысқан сайын құпиялар шырмала береді.
  • Менің өтірігіме өтірікпен жауап бергенді жек көремін. Бұл дегенің әділетсіз бәсекелестік қой.

Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты - күншіл, қайын жұрты міншіл, нағашы жұрты - сыншыл.

 

Бағы жанған жігітке - пәле-жала қонбайды,
Бағы тайған жігіттің - тілегені болмайды.

 

Жігіт сыны: бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт - кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін - бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.

 

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.

 

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

 

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

 

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,

 

Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

 

Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? — «Балам біледі» дер.

 

Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

 

«Сіз» - әдеп, «біз» - көмек.

 

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

 

Дәулет берсе құдайым - тон кисең де, түлкі етер,
Дәулет кетсе қолыңнан - түлкі кисең, күлкі етер.

 

Екі жақсы дос болмас - сірне үстінде хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас - көңілінде кір, даты бар.

 

Ерінбеген - етікші, ұялмаған - әнші болады.

 

Жаманнан жақсы шықпас - мақтағанмен,
Жабыдан тұлпар шықпас - баптағанмен.
Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,
Алтынмен томағасын қаптағанмен.

 

Үйіңдегі ұлың жаман болса - есіктегі құлмен тең,
Қойныңдағы қатының жаман болса - қаңтардағы мұзбен тең.

 

Махаббатсыз дүние бос -
Хайуанға оны қосыңдар.

 

Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.

 

Сұлуды сұлу деме - сүймеген соң,
Асылды асыл деме - кимеген соң.
Жақсыларға не керек қошамет қып -
Шарапаты ешкімге тимеген соң.

 

Адам қайтсін басқаны асқан бағы,
Ұра берсең от шығар тастан дағы.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Балапандай бауырыңа бассаң дағы

 

Ғашық емес - құштарына жан бермеген,
Диқан емес - кетпен шауып нан бермеген.

 

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

 

 

Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.

Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.

Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.

Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.

Бір әйелді ғана сүйетін адам, бір әйелді ғана бақытсыз етеді.

Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.

Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.

Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.

Балалар қайдан пайда болатыны жайлы ойланса, ал үлкендер қайда кететіні жайлы ойланады.

Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.

Қызық жұмыста көретін түстерің де қызық болады.

Неге ғашық болсаң, соны сүй.

Даналық қарттықпен бірге келе бермейді. Кейде қарттық бір өзі келеді.

Сенің армандарыңның өзгелерде жүзеге асатыны қиындау.

Оқу – ережелерді оқып-үйрену, тәжірибе – ережелерден тыс нәрселерді оқып-үйрену.

Шектен тыс қабаған иттер шектен тыс қайырымды адамдарды қуу үшін керек.

Бір рет қырау қатқаннан, жеті рет терлеген жақсы.

Кез келген адамның ішінде дарындылық ұйықтап жатыр. Не деген маубас еді?!

Тез таусылған стакан құйылмаған болып есептеледі.

Сізге ертең келіңіз деп айтты ғой, ал сіз ылғи бүгін келесіз!

Әйелдерді ұсақ-түйекпен алдамаңыз!

Ұлы адамдар аз өмір сүрген. Менің де мазамның болмай отырғаны.

Жақсы өмір сүруге ешкім тыйым салмайды, бірақ көбі кедергі келтіреді.

Адам өмірінің төрт кезеңі: әлі болмайды, енді болады, әлі болады, енді болмайды.

Сараң болсам, болармын, бірақ шын жүректен ғой.

Қасқыр да тоқ, қой да аман, шопанның жаны жаннатта болсын!

Тоқ болсаң, айналаңның бәрі тамаша!

Арманның жүзеге аспағаны қанша, ал жүзеге аспайтыны одан да көп.

Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.

Көп білгеннен ешкім өлген емес, бірақ тәуекелге барудың керегі жоқ.

Жерлеу бюросындағы жазу: ең жақсы клиент – өлген клиент.

Милициядағы хабарландыру: өңдеудің барлық түрлері бар.

Ұзаққа жасалған жоспарлар асықпай орындалады.

Күнімен ұйықтап, түнімен ішіп-жесең, қатты шаршайсың.

Жетінші стаканнан кейін ғана, ол өзін, өз үйіндегідей сезіне бастады.

Алдымен махаббат уақытты өлтіреді, ал сосын уақыт махаббатты өлтіреді.

Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің.

Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Үйленгің келсе – үйлен, үйленгің келмесе – үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе – емдел.

Үш рет жұмысты тастады, екі рет сәтті шықты.

Өлетін кезге дейін өмір сүру керек.

Әдемі әйелді көргенде еркектер, ал көріксіз әйелді көргенде әйелдер мәз болады.

Шығатын жол жоқ болатын жағдайлар болмайды, тек ол жол сізге қолайсыз болуы мүмкін.

Сөз бен іс алшақ болмау үшін, ештеңе істемеу керек.

Әйелдермен қалай қарым-қатынас жасау керек? 10 кеңес

30 жасар бойдақ британдық бір журналист әйел қауымын түсіне алмай: «Оларға не керек, не істесем дұрыс?» – деген сұрақтармен басы қатқан екен. Өзінің 2 жасар Лу-лу атты қарындасының іс-әрекетін бақылай отырып, әйелдермен салыстыра, көптеген сұрақтарға жауап тауып, жеке өмірінде де жақсы нәтижелерге жетсе керек… Сөйтіп, ол еркектерге мынадай кеңестер береді:

1. Назар аудармаңыз
Лу-лу бөлмеме кірген сәттен, мен сайқымазақ сияқты оның көңілін аулаймын, ол мені көрмеген кісіше ойыншықтарымен ойнап отырады. Ал егер мен оны байқамағансып, өте шықсам, ол өзі шақырып, «менімен ойна» – деген сыңай танытады.

2. Сыйлықтармен алдаңыз
Сыйлық – өте оңай жол. Неғұрлым жылтыр және шулы болса тіптен жақсы. Лу-лудың жағдайында бұл ән айтатын жұмсақ ойыншық немесе жылтыр шаш қыстырғыштар. Ал, әйел адамдар үшін бұл автомобиль, не қымбат әшекейлер болса керек.

3. Комплимент айтудан жалықпаңыз
Мен әркез комплиментті көп айтсаң – оның сапасы кетеді деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес. Мысалы, Лу-лу бір сөзді дұрыс айтқаны үшін, бәріміз қол шапалақтап, оны мақтай жөнелеміз – ол бір үлкен іс тындырғандай марқайып қалады. Сол сияқты әйелдерде де, комплимент олардың мәз болуына, кейін сізді мәз етуіне көмектеседі.

4. Оларды тыңдаңыз
Өмір бойы мен әйелдердің нені қалап, нені ойлап тұратындығын алдын-ала білуге тырыстым. Сол бекер-ақ екен. Егер зейін салып қарасам, Лу-лудың өзі маған не керек екендігін айтады: тамақ ішкісі келетінін, билегісі келетінін, қуыршақ керек екендігін және т.б. Маған тек соны жасап беру қана қалады. Егер мен осыны баяғыдан білсем, оларды көп тыңдап, соған байланысты қимылдайтын едім.

5. Кешірім сұраңыз
Не бүлдірсеңіз де. Не бүлдіргеніңізді білмесеңіз де. Лу-луға қалаған қуыршағының орнына басқа бір қуыршақты бергенім үшін зәбірлеген шығармын. Мен үшін бұл жәй ғана орынсыз жағдай болса, ол үшін үлкен трагедия. Ең дұрыс жолы – оның рақымына көніп, кешіруін талап ету. Бірақ даусыңыз шынайы шығуы керек, іштей шынайы болмасаңыз да, сондай сынай танытыңыз. Бірақ бұл кеңесті көп жігіттер пайдаланбайды.

6. Не істесе де – өз еркі
Қалағаны – әлемдегі ең топас ермектің бірі болса да оның жолында тұрмаңыз. Егер Лу-лудың басына бір нәрсе келе қалса, ол оны жасамай қоймайды. Былайша айтқанда әйел адамды барлық жағдайда қолдаңыз, жәрдем беріңіз. Содан кейін демалып, жәйбірақат жүргеніңізде, өзінің жоспарының түкке тұрғысыз екенін біліп, өзі-ақ алдыңызға келеді. Бірақ көп кезде ол өзінің идеясының керемет екендігіне сенетіндігі, сонымен сізді де сендіргісі келеді. Бір күні Лу-лумен шай ішіп ойнап, қызығып кеткендігім соншалық, бір литрдей шай ішіп тастаппын.

7. Оларға не істеу керектігін айтпаңыз
Айтқан сайын, ол оған қырсығып, кері істегісі келіп тұрады. Ең дұрыс жолы – бұл оның идеясынан шыққанындай етіп істеу. Мысалы өзімді Лу-луды құмда ойнағаннан, футболдан чемпионат көрген әлдеқайда қызық екендігін дәлелдей алғаныма мақтан тұтамын.

8. Өміріңізге шағым айтпаңыз
Бұл біраз қиын. Әйел адамды өзіңнің проблемаларыңмен басын қатыру дұрыс емес. Мен Лу-луға арқамның ауырып тұрғанын айтып шағымдансам, ол селқос қарайды. Ал егер үндемей, көңілім болмай тұрса, ол өзі сезіп, жаныма келіп, құшақтап, рухымды көтеріп қояды.

9. Ерегеспеңіз
Бұның түк пайдасы жоқ. Ұрсысуда сіз бәрібір жеңбейсіз, жеңсеңіз де бұдан ештеме ұтпайсыз: оның көп уақытқа дейін көңілі түсіп, жынданып жүретін болады. Былайша айтқанда, сізге артық проблема не үшін қажет? Бұдан біз соңғы бір кеңеске құлақ түреміз.

10. Оны жылатпаңыз
Дүниедегі ең сорақы көрініс – бұл Лу-лудың жылауы. Оның қоңыр көздері жасқа толып, аузы ашылып, сілекейі ағып, даусы траур белгісінен кем емес болған кезде менің жүрегіме ине шаншылғандай болады. Ол жылаған кезде мен сондай қорғансыз боламын да қаламын. Ал ғылымда жасты тоқтататын бір де бір қолданатын шара жоқ. Тамақ берейін бе? Маймылды келтірейін бе? Балмұздақ сатып әперейін бе? Көзімді шұқып алайын ба? Тек жыламашы… ал ол жылай береді…

Сөйтіп, әр әйелдің ішінде бір кішкентай қыздың өмір сүріп жатқандығы белгілі болды. Ал нағыз еркектің міндеті соны көре білу…

Басыңа күн туғанда он екіден айырылма: 

1.Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма; 
2.Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырлма; 
3.Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма; 
4.Тіл- кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма; 
5.Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма; 
6.Өзіңді зор,басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма; 
7.Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма; 
8.Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың- малыңнан айырылма; 
9.Ағайын, туыс, дос- жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма; 
10.Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма; 
11. Пенде жан серігі- бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма; 
12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма; 

 

 

Адам жасына байланысты атаулар

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте;

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек;

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін;

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған;

6 жастан 7 жасқа дейін – сәби;

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы;

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала;

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала;

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт;

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт;

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі;

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы;

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал;

80 жастан жоғары – қарт, қария.

 

Мүшел жас

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау);

2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас);

3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату);

4-мүшел – 49 жас (орта жас);

5-мүшел – 61 жас (орта жас);

6-мүшел – 73 жас (қарттық);

7-мүшел – 85 жас (кәрілік);

8-мүшел – 97 жас (қалжырау);

9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю);

 

10-мүшел – 121 жас (немене сүю).

АТА ТӘЛІМІ

1. Арман деген не?
Жігітке:
— Арман деген не? — депті қарт.
— Ата, арман деген қиял, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді,
қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай
кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт.

2. Өмірде кімнің арманы жоқ?
Жігіттен:
— Өмірде кімнің арманы жоқ, — деп сұрапты қарт.
— Ата, өмірде ұлы бар адамның ар¬маны жоқ — депті жігіт.
— Жоқ, балам, ұлы бар адамның ар¬маны көп. Ұлы жоқта ойлау — көп.
Есіңде болсын, бұл өмірде елді басқарған хан мен әкімде арман жоқ. Ақылы асқан
данада арман жоқ. Жүзден асқан қартта арман жоқ. Хан мен әкім жақсы
болса, халқын бақытты етсем деп ойлайды. Дана — ақылдыны дана етсем
деп ойлайды. Жүзден асқан қарт «Tipi болсам» деп ойлағанын қоймайды, —
депті қарт.

3. Бақытты болу оңай ма?
Жігітке:
— Бақытты болу оңай ма? — депті қарт.
— Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Есіңде болсын,
ақылды жанның бақыты алдында, ақылсыздың бақыты алыста. Жігіттің
бақытты болуы ақылдылығында. Ақыл — адамды азаптан да, мазақтан да
құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не
ақылды қызға үйлен, — депті қарт.

4. Дос табу оңай ма?
Жігітке:
— Дос табу оңай ма? — депті қарт.
— Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен, жақсылыры жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады.
Ecіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, сүйікті жар табу қиын, жақсының көнілін табу қиын, — депті қарт.

5. Достықты нығайтатын не?
Жігітке:
— Достықты нығайтатын не? — депті қарт.
— Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, сенің айтқаның дос¬тық пен жолдастықты дамытады. Eciңде болсын, шын достық ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң, «Саламатсыз ба, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз» деген бес сөзді шын көңілмен айтуды үйрен. Сәлемдесуді білген кeшipe де біледі, кешіре білген рахметін де айта біледі.
Жөн сөз — көңіліңді өcipeді, жөнсіз сөз — өміріңді өшіреді. Достықты көңіл нығайтады, өмір ұзартады — депті қарт.

6. Тексізге кім жатады?
Жігітке:
— Тексізге кім жатады? — депті қарт.
— Ата, жеті атасын білмеген тексізге жатады, — депті.
— Жоқ, балам, жеті атасын өзі білмесе де өзге білер. Атасыз — бала
жетілмейді. Жеті атасын білмеген баланың әкeci надан. Есіңде болсын, жаманның тілін сұрама, атасын сұра, ханның тегін сұрама, халқын сұра. Ақылды ханда тек болса да, кек болмайды. Жеті атасын білмеген жетім ұлға тең. Жетесіз жанға жеті атасын үйрету қиын.
Жетесізге жетім бала да ермейді. Ұлыңа жеті жасқа келгенше жеті атаңды үйрет, — депті қарт.

7. Өмірде кім жетім?
Жігітке:
— Өмірде кім жетім? — депті қарт.
— Ата, ата-анасы жоқ бала жетім, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, өмірде ата-анасы жоқ бала тipi жетім. Eciңдe болсын, жетімдікті көп көрген, жеңіске тез жете алмайды. Өмірде тоғыз жетім бар екенін ұмытпа. Халқына сeнiмciз болса — хан жетім, ханы ақылсыз болса — халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса — әкім жетім, қараусыз қалса — үй жетім, суы жоқ — құдық жетім, ұлы жоқ — әке жетім, қызы жетесіз болса — ана жетім, досы жоқ — жігіт жетім, шәкіртсіз — ұстаз жетім. Өмірде жетім болсаң, есірме. Ақылды жетім — кеңесуге құмap, ақылсыз жетім — егесуге құмар. Егескен ел болмайды, — депті қарт.

8. Үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігітке:
— Үйде кім, елде кім қадірлі? — депті қарт.
— Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі — депті жігіт.
— Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді қазақ халқы жақсы бiлeдi, қартты қадірлеуді бәpi біледі. Бала — үйдің патшасы. Балалы үй — базар, баласыз үй — мазар.
Қарт — үйдің тұлғасы, хан — елдің тұлғасы. Хан мен әкімгe ел қарайды. Хан — әділ болса, елдің бағы жанады, әділетсіз болса елдің бағы таяды, — депті қарт.

9. Көпірден өткен соң ешкімге қарамайтын кімдер?
Жігітке:
— Көпірден өткен соң ешкімге қарамайтын кімдер? — депті қарт.
— Ата, көлігі бар көпірден өтсе, ешкімге қарамайды, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, көпірден есек өтсе — иесіне қарамайды, ақымақ өтсе — ағайынға қарамайды. Есек иесіне қарамаса — ecipгені, ақымақ ағайынға қарамаса — жетіскені, хан
халқына қарамаса — тірідей өлгені. Көпірден көсем өтсе, көңілі алаңдап, артына қарайлайды, не жол жағасына қарайды. Ақылы бар көпірден ақырын өтеді, — депті қарт.

10. Жоқты бар, ашты тоқ eтетін кім?
Жігітке:
— Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? — депті қарт.
— Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін — сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана — үйдегі бақ, әке — отыратын тақ. Анна ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, — депті қарт.

Комментарии: 4
  • #4

    Mr Josh Hawley (Четверг, 26 Октябрь 2017 14:45)

    Сәлеметсіз бе,
    Мен г - н Джош Хоули, жеке несие беруші, ол жеке тұлғаларға, мекемелерге, ұйымдарға және т.б. кепілдіксіз 2% пайыздық мөлшерлемеде несие береді. Сізге қарызды өтеу үшін тікелей қарыз қажет пе? бизнесіңізді жақсарту үшін несие қажет пе? Сіз банктер мен басқа қаржы мекемелері тарапынан қабылданбадыңыз ба? Сізге біріктіру несиесі немесе ипотека керек пе? Сіздің барлық проблемаларыңыз аяқталды, өйткені біз сіздердің барлық қаржы мәселелеріңізді өткенге айналдыру үшін осындамыз.
    Қосымша ақпарат алу үшін (Joshhawleyloanfirm@gmail.com) электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.

    Құрметпен!

  • #3

    derickregina478@gmail.com (Среда, 16 Август 2017 11:52)

    Are you in any financial problem? If you are really ready to get your
    financial problems solved,Then search no further and apply for a loan
    today.

    Contact Email : derickregina478@gmail.com
    Mrs. Derick Regina

  • #2

    Max Bent (Вторник, 21 Февраль 2017 07:50)

    Ocean Lenders und Mortgages Limited Für kleine und große Darlehen Bei 2%.

    Hallo bewerben Sie sich für ein Darlehen zur Finanzierung Ihres Unternehmens, bieten wir private Darlehen,
      Kommerzielle und persönliche Darlehen mit einem sehr niedrigen Zinssätze so niedrig wie 2% in einem Jahr bis 30 Jahre Rückzahlung Zeitraum überall auf der Welt. Wir bieten Darlehen von 1000 bis zu jeder Menge, die Sie anfordern, kontaktieren Sie uns heute Email;

    Oceanfmortgages@gmail.com
    Oceanfmortgages@gmail.com

    +447087694046

  • #1

    ma (Четверг, 03 Ноябрь 2016 13:42)

    Құрметті клиент! Мен Марк Эллиот сенімдімін, менің 2% сыйақы мөлшерлемесімен несие беруге ..
    Егер сіз несие және ипотека іздеп шаршадық, сіз қабылданбаған
    үнемі сіздің банктер мен басқа да қаржы институттары, Біз кез келген ұсынамыз
    қызығушылықтың төмен жеке жəне заңды тұлғалардың қарыз нысаны
    Егер сіз несие алуға мүдделі rate.If, бізге хабарласыңыз еркін сезінеді
    Бүгін біз сіздерге бізге бере ever.Just үздік қызметтерін ұсынуға уәде
    сынақ сізді сендіруге болады, өйткені, көріңіз.
    Егер қаржы қандай қажеттілік бар?
    Сіз бизнес үшін қажет қарыз?
    Егер сіз жеке несие қажет пе?
    Сіз машинаны сатып қалайсыз ба?
    Егер сіз қайта қаржыландыруға қалайсыз ба?
    Егер сіз ипотекалық несие қажет пе?
    Егер бизнес ұсыныс немесе кеңейту өшіру бастау үшін үлкен капитал қажет пе?
    Егер сіз үміт жоғалтып және сіз шығу жоқ деп ойлаймын, және сіздің бе
    қаржы ауыртпалығы әлі жойылмаса?

    markelliotloans@gmail.com арқылы бізге хабарласыңыз

    1. Ізденушінің NAME ..............
    2. ТҰРҒЫН ЕЛ ............
    3. Тұратын мекен-жайы: ........
    4. Мекен-жайы: ..................
    5. AGE: ..........................
    6. Мамандығы: ................
    ҚАРЫЗ талап етілетін 7. КӨЛЕМІ ..............
    8.Loan ұзақтығы ..............
    ҚАРЫЗДЫҢ 9. МАҚСАТЫ: ............
    10. Телефон нөмірі: ..........
    11.LOAN МЕРЗІМІ ................

    Жоғарыда аталған ақпарат толтырыңыз және төменде Байланыс ақпарат жіберуге:

    ЕСКЕРІМ: Барлық жауап тікелей жіберілуі тиіс:
    markelliotloans@gmail.com