The theme of the lesson:
What do you eat for breakfast?
Конкурс.rar
Заархивированные данные 5.6 MB
Ашық сабақтар ағылшын тілі
ашық сабақтар ағылшын тілі.doc
Microsoft Word документ 790.5 KB
Сынып сағаттары
сынып сағаттары.doc
Microsoft Word документ 155.5 KB
Ағылшын тілінен көрнекіліктер
Әліппе көрнекіліктер.pptx
Презентация Microsoft Power Point 5.8 MB

IELTS - ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан

IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан.

IELTS тестін атақты үш халықаралық мекеме басқарады:
     British Council,
     IDP: IELTS Australia,
     University of Cambridge ESOL Examinations.
Қазақстан Республикасы аумағында IELTS тестін өткізуге құқылы тек екі мекеме бар: InterPress Exams Center және Британдық Кеңес.

IELTS – ағылшын тілін тестілеуден ең танымал да сұранысқа ие емтихандардың бірегейі.
IELTS нәтижелері әлемнің 135-тен астам мемлекетінде жарамды. Сонымен қатар 6000-нан астам оқу орындары мен мемлекеттік және кәсіби мекемелер, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия және де Австралия елшіліктері, АҚШ елінің 2500-ден астам жоғарғы оқу орындары бұл тестті мойындайды.
Жыл сайын IELTS тестін 1,4 миллионнан астам үміткер шетелдік ЖОО-рына түсу, иммиграциялану және жұмысқа орналасу үшін тапсырады.

IELTS  тесті негізгі төрт бөлімнен тұрады:
Тыңдау               (Listening)
Оқу                     (Reading)
Шығарма жазу     (Writing)
Тілдесу                (Speaking)

Тест форматы мен құрылымы

Listening. Барлық үміткерлерге бір нұсқадағы тест түрі ұсынылады. Тапсырманы орындауға барлығы 30 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде үміткерлер тапсырмаларды тыңдап, жауаптарды емтихан кітапшасына белгілеп отырады. Тест соңында жауаптарды Listening Answer Sheet-ке (жауап қағазына) бояуға қосымша 10 минут бөлінеді. Жоғарыда айтылған тест барлығы 40 сұрақ және 4 бөліктен тұрады.

Бірінші бөлікте екі адам арасындағы күнделікті диалог; екінші бөлікте жартылай ресми монолог (мысалы: радиохабар); үшінші бөлікте 2-4 студент арасындағы бейресми әңгіме (мысалы: дәріс жайлы немесе курстық жұмыс жайында);  тесттің соңғы бөлігінде үміткерлер университеттік дәрістен үзінді тыңдайды.

General Training Module (иммиграциялану мақсатымен) мен Academic Module (білім алуға) үміткерлері Reading бөлімі барысында әр түрлі тапсырмалар орындайды.

General Training Reading (иммиграциялану мақсатымен): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі. Тест 40 сұрақ және 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім хабарландырулар, тауар мен қызметтер жарнамалары секілді  қысқа мәтіндерден құралған. Екінші бөлім орта көлемді бір мәтіннен тұрады (мысалы: жұмысқа орналасудың нұсқаулары). Үшінші мәтін (шамамен 900 сөз) ең көлемді және ғылыми-танымалдық ақпаратты қамтиды. Тест ағылшын тілді ортада оқи білу, сонымен қатар оқығанын түсіне білу қабілетін тексереді. Ескерту: жауаптарды емтихан кітапшасынан Reading Answer Sheet-ке (жауап қағазы) толтыруға қосымша уақыт берілмейді, сондықтан жауаптарды бірден жауап қағазына белгілеу керек.

Academic Reading (білім алуға): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі. Тест 40 сұрақ және 3 мәтіннен тұрады. Academic Module Reading негізі ғылыми-танымал және академиялық тақырыпттардағы мәтіндерден, соның ішінде алғашқы екі мәтін суреттеу стилінде болса, соңғы мәтін үміткердің автор ойы мен дәлелдерін түсіне білу қабілетін тексеруге бағытталады. Тест мақсаты: үміткердің академиялық мәтіндермен жұмыс істей білу қабілетін анықтау. Ескерту: жауаптарды емтихан кітапшасынан Reading Answer Sheet-ке (жауап қағазы) толтыруға қосымша уақыт берілмейді, сондықтан жауаптарды бірден жауап қағазына белгілеген дұрыс.

General Training Module мен Academic Module үміткерлері Writing бөлімінде де әр түрлі тапсырмалар орындайды.

General Training Writing (иммиграциялану мақсатымен): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі (бірінші тапсырма - 20 минут, екінші тапсырма - 40 минут). Тест General Training Writing-та 2 жаттығу болады. Біріншісінде – кем дегенде 150 сөз қолдана отырып, күнделікті жағдайға байланысты эссе жазу керек; екіншісінде – үміткерлер өріс алған тақырыпқа минимум 250 сөзді қамтитын шығарма жазулары тиіс. Ескерту: емтихан барысында екінші тапсырманың біріншіге қарағанда маңыздылығы жоғары екенін естен шығармау қажет (себебі 2-жаттығуға көп уақыт беріледі), дегенмен үміткерлер екі тапсырманы да орындаулары керек.

Academic Writing (білім алуға): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі (бірінші тапсырма - 20 минут, екінші тапсырма - 40 минут). Бастапқы жаттығуда кемінде 150 сөзбен негізгі үрдістерді диаграммаға қарап баяндап беру тиіс. Екінші тапсырмада үміткер тақырыпты түсінуімен қатар, көзқарасына байланысты өзінің дәлелдерін көрсетіп шығуы тиіс (талап етілетін сөз мөлшері: минимум 250 сөз). Ескерту: емтихан барысында екінші тапсырманың біріншіге қарағанда маңыздылығы жоғары екенін естен шығармау қажет (себебі 2-жаттығуға көп уақыт беріледі), дегенмен үміткерлер екі тапсырманы да орындаулары керек.

Speaking тесті Academic немесе General Training модулі болып бөлінбейді. Құрылымы 3 бөлім және барлығы 11-14 минут уақыт алады. Тестілеу процесі мынадай: емтихан алушы бірінші кезеңде үміткерді танып-білу үшін қарапайым сұрақтардан бастайды. Келесі кезеңде емтихан алушы кез келген оқиғаны, затты немесе адамды сипаттап, баяндап беруін сұрайды. Үміткерге дайындалуға 1 минут беріледі. Соңғы кезеңде сынаушы кең көлемді, абстрактылы сұрақтар қойып, үміткердің  әңгімені түсінуіне, оның келтірген дәлелдеріне, мысалдарына қарап баға береді. Әңгіме диктофонға жазылады. Ескерту: тілдесу сессиясы негізгі емтихан сессиясынан (Listening , Reading and Writing) 7 күн бұрын немесе 7 күн кейін немесе негізгі емтихан сессиясы кезінде өтуі мүмкін.

Комментарии: 32
  • #32

    Самал (Четверг, 27 Сентябрь 2018 22:16)

    Салематсыз. мағанда жибере аласызба, өте күшті. samal-ospanova96@mail.ru

  • #31

    Ботагоз (Вторник, 10 Апрель 2018 07:01)

    Мен осы емтиханга баргым келип тур

  • #30

    madina (Суббота, 18 Ноябрь 2017 16:54)

    өтініш маған 2- сыныпқа арналған ашық сабақ тауып беріңіздерші. тақырыбы : school days видиосымен керек еді

  • #29

    Азиз (Суббота, 11 Февраль 2017 10:50)

    Жарайсын Бауырым жумысына табыс тілеймін.

  • #28

    gulsim (Вторник, 03 Январь 2017 16:53)

    Өтініш маған ашык сабак тауып бериниздерши 3сынып. Такырыбы tthere is a toy shop in the city

  • #27

    zhaniya (Среда, 14 Декабрь 2016 18:28)

    Тестер оте киын болама

  • #26

    айгера (Суббота, 19 Ноябрь 2016 18:36)

    менде смайлс бойынша омж кмж бар арзан багамен87474078287 ватсап

  • #25

    Symbat (Вторник, 15 Ноябрь 2016 15:18)

    Сәлеметсіз бе? Өтініш маған жалпы бастауыш сыныптарды қосып өткізетін бұрын өткен тақырыптар бойынша "Ағылшынша үйренейік" деген тақырыпқа ұқсас слайдтарыныз болса жібересіз бе? Көп рахмет

  • #24

    айган (Воскресенье, 16 Октябрь 2016 09:40)

    Маган да ОМЖ .КМЖ керек еди. Отиниш 87783425437

  • #23

    камшат (Вторник, 13 Сентябрь 2016 21:30)

    Саламатсыз ба маган 2-11 сынып ОМЖ ҚМЖ ағылшыннан керек еді 87471053615 K.tulembai@mail.ru

  • #22

    Botagoz (Вторник, 28 Июнь 2016 13:36)

    Бұл тест не арқылы тапсырамыз. Немесе тіркелу қажет пе?

  • #21

    Perizat (Понедельник, 18 Апрель 2016 17:03)

    һзімді сынап көргім келеді

  • #20

    kyzyl (Вторник, 16 Февраль 2016)

    бірінші сыныптарға ағылшын тіліне арналған тапсырма өте к\к . оны қайдан іздесем болады . көмек беріңізші өтініш.

  • #19

    Акеркем (Суббота, 12 Декабрь 2015 18:04)

    Әлібек, сізге көп рахмет. Еңбегіңіз жемісті болсын. Өте жақсы сайт. Сіздерде ағылшын тілінен Аяпова ОМЖ ҚМЖ болса хабарласыныздаршы.akerkems.s@mail.ru 5-11 сыныптар

  • #18

    saltanat (Понедельник, 07 Декабрь 2015 14:37)

    Маган агылшын тилинен грамматикадан немесе лексикадан ойын араласкан слайд тауып бересиздерме отиниш ертенге дейин... сабак коргау керек едим озим слайд жасай алмаймын

  • #17

    nara (Четверг, 17 Сентябрь 2015 19:30)

    Ote tamasha қмж 1-11 аралығында бар болса мына мекен жайға жіберіңізші өтініш,nara-83-83@inbox.ru

  • #16

    айнура (Воскресенье, 13 Сентябрь 2015 13:43)

    саламатсыз ба? маған ағылышын тілінен ОМЖ мен ҚМЖ керек еді, барлық сыныптар болса болар еді, тел 87015677748

  • #15

    Канет Гүлжан (Пятница, 24 Апрель 2015 20:10)


    жарайсын слайдтар болса тіптен жақсы болар еді.

  • #14

    АЙГЕРИМ (Вторник, 07 Апрель 2015 15:11)

    ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДЕБИЕТ ОМЖ БАР 5-11 СЫНЫП ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОМЖ ҚМЖ БАР 6-11 СЫНЫП АЛАМ ДЕГЕНДЕР 87474078287 НОМЕРІНЕ ХАБАРЛАСЫНЫЗДАР

  • #13

    Жанат (Понедельник, 16 Февраль 2015 18:28)

    маган барлыгы оте ұнады The USA тақырыбына семинар сабақ жиберынызшы

  • #12

    mara (Пятница, 05 Декабрь 2014)

    3 сынып паурочныйлары бар ма?

  • #11

    Мара (Пятница, 05 Декабрь 2014 02:48)

    бастауыш сынықа арналған сабақ жоспарлары жок па?

  • #10

    Айнур (Четверг, 17 Апрель 2014 04:53)

    Сәлем. Бұл қайда, қашан, қалай?Қатысқым келеді.

  • #9

    Мади (Пятница, 11 Апрель 2014 22:10)

    Бул конкурска калай катыса аламыз?

  • #8

    cая (Понедельник, 07 Апрель 2014 06:31)

    әлібек саған рахмет еңбегіңнң жемісінкөр

  • #7

    GUL (Пятница, 21 Февраль 2014 17:42)

    мына конкурска калай катсад тиркелембе интернет аркылы катыса алам ба

  • #6

    Ainur (Среда, 29 Январь 2014 07:20)

    Ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтиханды өтсем деймін

  • #5

    gulmira (Воскресенье, 19 Январь 2014 15:51)

    salemetsyzbe 7-11 klasha agilshin tilinen pouroshniy kerekedi sroshno akisin toleymin mindetti turde jiberinizshi!gulmira.06.07.mail.ru

  • #4

    Акерке (Вторник, 10 Декабрь 2013 19:39)

    саттилик

  • #3

    Gulzhan (Пятница, 15 Ноябрь 2013 17:50)

    интернет аркылы тапсыра аламба

  • #2

    Assem (Суббота, 14 Сентябрь 2013 14:36)

    Rahmet sizge kop-kop

  • #1

    Алтын (Понедельник, 09 Сентябрь 2013 19:54)

    жумысыныз берекели болсын!рахмет!