Жылдың үздік мұғалімі-2012 жыл

Құрметті тыңдармандар. Сіздерге Төле би орта мектебі «Психолог күн нұрының қызметшісі» атты шыншыл оқиғаны ұсынады.

Күндердің күнінде  жер бетін қалың түн басты. Аспанды үлкен қара бұлт жауып, алай дүлей күн күркіреп, тоқтамастай қатігез жаңбыр жауды, найзағай жарқылдап мазаны кетірді. Бір мезетте бар жерді қорқыныш жайлады. Тыныштық пен қуаныш алысқа қашып, біздің айналада тылсым  сұмдық пен үнсіздік орнады. Адамдар бойын алты үрей:

1.      Агрессия

2.      Депрессия

3.      Қорқыныш

4.       Апатия

5.      Сауатсыздық

6.       Эгоизм биледі. Олар шартарапқа зұлымдық дәнін септі.

Бірақ табиғаттың бұлжылмас заңы бойынша түннен кейін таң атты. Таң рауанында күндей жарқыраған  психолог  шықты. Ол мына сұмдықты көріп таң қалды. Өзінің психологиялық қызмет шуақтарын көмекке шақырып,  қараңғылықпен дереу күрес бастады. Біздің психологиялық қызметтің жарық сәулесі қараңғы түнекке жеткенде-ақ олар:

1.      Агрессиядан – қуанышқа

2.      Депрессиядан – тыныштыққа

3.      Қорқыныштан – сенімге

4.       Апатиядан – өмірлік шаттыққа

5.      Сауатсыздықтан – білімге

6.       Эгоизмнен – мейірімділікке өзгерді. Аспан шайдай ашылып, көкжиектте тамаша кемпірқосақ көрінді. Өмірге көптен күткеншаттық қуаныш оралып, адам бойында жан тыныштығы орнады. Жер бетін әсем гүлдер қаптап, құстар ғажайып әндерімен жүрекке жол таба алды. Жер беті жәннатқа айналды

Дәл осындай күн сияқты психолог Тоққожаева Айгерім Жайдарбекқызын ортаға шақырамыз

Тоққожаева Айгерім Жайдарбекқызы

Армысыздар ардақты халқым менің,

Алдымен амандасу салтым менің

Таныстырсам өзімді –

Атым менің Әйгерім

Төле би орта мектебіненмін

Психолог мамандығын меңгердім

Оқушының жан дүниесін зерделеп,

Жақсылыққа жетелеп,

Сезімнің құпиясын ашамын

Мінсіз мінез, ақыл менен парасат

Білім менен тәрбиенің маманы

Ұрпақтарға үлгі беруге

Жастық жігер, бар күшімді саламын

 

Дәл күннің нұрындай Төле би орта мектебінің психологиялық қызметті адам бойындағы жағымсыз қасиеттерін жоятын қуатты қару.  Біздің қызмет зұлымдықтың себептерін анықтайды, зұлымдық ниетін түзететін коррекциялық жұмыстарын жүргізеді, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамытады, адам жанын білім нәрімен сусындандырады. 

Біз жанбасақ лапылдап-2013 байқауы

Армысыздар құрметті ұстаздар әріптестер.

Мен  бүгін «Біз жанбасақ лапылдап...»  атты байқауға қатысушы Төле би орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Уразимбетов Алибекті таныстырмақшымын. Алибекті туылғынынан бастап оны достары таныстары көптеген айыптауларға салған .Мысалы онын асығыстығы мінезінің жұмсақтығы уйден тыс көп болуы. Ал енді ол заңға қайшы не істеп қойды деп сұрауларыңыз мүмкін. Ештеңе, неге десеңіз Осы дүниеге келген әрбір адамның бойында өзіне тән кемшіліктері бар жоқ емес. Ол әрбір адамда болады бірақ біз оларды айтпаймыз бүгеміз.Ал егерде кенеттен бір адамның бойында бір мінді корсек болды біз сол сәттен бастап нағыз тергеушідей кіналаушы жанға айналамыз.

Иа Алибектің кемшіліктері бар  болғанменде оның жақсы қасиеттеріде бар  Мысалы оның өнерге деген сүйіспеншілігі ұстаз мамандығына деген  құштарлығы білімділігі коммуникативтігі. Яғни 21 ғасыр ұстазына сай қасиеттері жеткілікті 2004-2008 жыл Орталық Азия Университетін шет тілі 2 шет тілі мамандығы бойынша бітіріп 3 тілді толық менгерген. Қазақта жігітке 7 өнерде аз деген мақал баргой ал біздің Алибек болса гитара домбырада ойнап кана коймай шашки шахматты компьютердің тілін еркін менгерген.    

 12 жылдық білім беру көшу реформасына өз үлесін қосады. Оқушының бейімділігіне және қабілетіне сай оқытуды мақсат етеді.

 

Нәтижеге жету үшін күні- түні ізденеді, ол бір ұстаз әр сабақта, түрлі әдіс- тәсәлдерді, жаңашылдықты үнемі қолданады. 

Байзақов Нұрболат 

Армысың қазағым,халқым менің

Табиғатым,тауларым,өзен-көлім

Салтынан ата-баба алыс кетпей

Ассалаумағалейкум деп,сәлем бердім.

 

Әділқазы алқасы армысыздар

Бейне бір жауатұғын қармысыздар?!

Шын жүйрікке шынайы баға берер

Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

 

Таныстырып өтейін өзімді бүгін

Әкем Байзақ,ұлымын Кіші жүздің

Туып өскен Қызылорда қаласында

Нұрболат деген ұлдарың мен боламын.

 

13 жастан әуестігім еркін күрес

Жүлделі орындардан алдым үлес

Спорт-туризм академиясынан білім алып,

Келдім мен Бәйтерекке жолдама алып.

 

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды

Ақылы озық – біреуге күн болмайды

Қариясы дана болған қазағымның

Ұлдары өзге елге құл болмайды!

 

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым

Ұлықтап ұстаздықтың дәстүр салтын

Топтан озу мақсатым болмасада,

 

Өнеге,үлгі қалдыру  - ата салтым!

Айтбаев Думан

Қазақтың түп -тамыры  сақтардан бастау алған. Осыдан 2500 жыл бұрын ата-бабаларымыз жастарын құрметтеп алтынмен көмкерген болатын. Міне сол тарихи сабақтастық бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Елбасымыздың өзі жастарға сенім артып қолдап келеді, осы артылған сенімді ақтауға жас маман Думан ауыл мектебінде өз еңбек жолын бастауда.

 

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Думан ұстаз мен болам!

 

Тау суындай гүрілдеп,

Айбынды алаш елім деп,

«Алтын адам»  табылған

Есік деген жерім деп,

Қазақ атын әлемге шығарар деп

Мағжан сенген

Жастардың бірі, мен болам!

 

Көк бөрідей талпынып,

Көздегенім ұстаздық

Үйретсем деп ұмтылған.

Алаштың бір ұланы Думан деген мен болам!

 

Шәкірттердің, көздерінде, от ойнар

Сөздерінде оттай ұшқан жалын бар

Жаннан қымбат оларға ар,

Осындай ұлтын сүйген ұрпақтарға

Білім беруші мен болам!

 

Қызылжар деген ауылдан,

Жандосов атты мектептен,

Мектеп туын көтеріп

Жану үшін лапылдап

Қатысушы байқауға

 

Жас маман Думан мен болам!

Байсұлтанов Серікбек

Сүйікті Төлен ата мектебіне,

Оралдым 2011 көктемінде.

Ұстазыма қайтадан шәкірт болдым,

Жаңаша оймен қарап өткеніме.

 

Информатика әлемін шарлап жүрмін,

Шәкіртімнің бейімін барлап жүрмін.

Ойнатып құлағында компьютердің,

Ақпараттар әлемін шарлап жүрмін.

 

Үйретіп Бейсик, Паскаль тілінде,

Шештіртіп өрнектің түр түрінде.

Функционалдық сауаттылық болсын деп,

Ақпараттар айдынында жүзгенде.

 

Ойлан, ойлан тағы ойлан сұрақты ,

Сонда ғана болар білім тұрақты.

Нәтижеге бағыттар ісіңізді,

«Үлес» қос деп кешегі бас жолдауға.

 

Болашақ тұр қолында білімдінің,

Шықсын әркез мінбеден сенімді үнің.

«Отыздықтан» көрінсек деген меже,

Маңыздырақ бәрінен бүгінгі күн.

 

Жастықтың дүбіріне ермеппедім,

Сайысқа құлагердей келмеппедім.

Бөлісіп сырымменен жырымменен,

Ойымды мен осылай өрнектедім.

 

 Енді өзімнің сөзімді Қайратша аяқтасам:

 

Серікбек деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Туған жерге ту тіктім,

Азаматпын деуге хақым бар!

 

 

 

Жанашар ауылының АӘД пәні мұғалімі

Жұмаділов Нұрболат

Туған жерім болады

Шырайлы шымкент аймағы

Қазақи салт дәстүрдің

Бұзылмаған қаймағы

 

Сол дәстүрді  мендағы  берік  ұстап  келемін

Ассаламағалейком  деп  баршаға  сәлем  беремін.

Жаңашардай  ауылғой

Қазіргі  менің  мекенім

 

Тұрар  Рысқұлов мектебі

Сол  жерде  қызмет  етемін

Есімім  менің  Нұрболат

Қазақтың  бір  ұлымын

 

 Лапылдап  жанған  жаңашыл 

Жастардың  мен  бірімін.

Жаңа  технологияны  меңгеру

Қазіргі  заман  талабы

 

Компьютер  мен интернет

Нағыз  жастар  заманы.

Әскери  дайындық  сабағын  жүргіземін

Әскери  шенді техниканы  білгіземін

 

Патриоттық тәрбие  олда  ойда

Сабаққа  салт  дәстүрді  енгіземін.

Қай  істеде  жастардың  жолы  болсын

Ойлары  жаңалықтарға  толы  болсын

Іске  асырып  небір  жақсы  идеяны

Жаңашыл  жастарменен  орта толсын.

 

Үш тұғырлы тіл байқауы

Ұстазбын, жан жүрегім жалын атқан,

Шәкіртті оқытуды мақсат тұтқан

Қазағымның  дәстүрінен нәр алып,

Рухтанып Ыбырайдың жолын қуған

Жайдарбекьің Айгерімдей қызымын

Еңбекшіқазақ ауданымның алып келдім сенімін

мектебім Төле би депаталады

үш тілді меңгеруге ат салады.

Білімнің жаңалығын үйреніп мен

елімді көркеутуге қызмет етем

              

Хочу  вам представится

Айгерим, я, Токкожаева

Спортсменка, учитель и просто красавица

Мой Казахстан, спасибо, за то что я дочь твоя

за то что судьбу свою

Со школой связала я

на конкурс приехала

из района Енбекшийказахского

Земля наша славиться полями,

садами, и щедрыми людьми

Как учитель

Преграду одолею я любую

приветствую при этом

программу языковую

Жюри, к вам обращаюсь не судите строго

А всем  участникам желаю

Победных баллов много

 

 

Good morning dear ladies and gentleman. I’m very glad to see everybody today there at competition “The best Young teacher of the year”. I want to tell some information about myself: My surname is Tokkozhaeva, name is Aigerym, and father’s name is Zhaidarbek. I have been working English teacher at the secondary school after Tole by for two years. I wish every teacher only good luck for mе only a win. Thank you for attention.   

Comments: 1
  • #1

    гульсая (Wednesday, 21 January 2015 08:40)

    Жарайсындар өте тамаша пайдалы акпарат